08.09.2025
Шарль де Кетеларе: Қазақстан бастапқы жарты сағатта көп жүгірді
Бельгия құрамасының ойыншысы Шарль де Кетеларе Қазақстанға қарсы матч жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты RTBF.be басылымына сілтеме жасап.
— Алғашқы 30 минутта қарсылас көп жүгіріп, еркін аймақ табу қиындау болды. Біз допты жақсы бақылап отырдық. Алғашқы голдан кейін кеңістік ашыла бастады. Біз оны тиімді пайдалана алдық. Менің рөлім - ойында белсенді болу, тереңдікті жасау және жартылай қорғаушылармен байланыс орнату еді. Барлығы ойдағыдай өтті. Алдағы қазан айындағы кезең топтан шығу жолындағы маңызды сын болмақ. Бірақ бұл матчтар бізге жақсы көңіл-күй сыйлады, — деді бельгиялық футболшы.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгия құрамасы Қазақстанды 6:0 есебімен ұтты.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов