12.09.2025
«Легия» «Ақтөбе» жартылай қорғаушысына қызығушылық танытты
Аян Байдаулетов
«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы әрі Қазақстан жастар құрамасының (U-21) ойыншысы Аян Байдаулетовке Польшаның атақты клубы «Легия» назар аударды, деп хабарлайды «Серый CARDINAL».
Ақтөбелік академия түлегі польшалық скауттардың көзіне тамыз айында өткен Лига конференциясындағы «Легия» – «Ақтөбе» (1:0) кездесуінде түскен. Бұған дейін БАҚ Байдаулетовке алматылық «Қайрат» та қызығушылық танытқанын жазған еді.
8 қыркүйекте жас футболшы жастар құрамасы сапында Англияға қарсы ойында дебют жасады. Сондай-ақ, ол ҚПЛ-да да көзге түсіп үлгерді — «Қайратпен» өткен матчта гол соғып, жанкүйерлердің есінде қалды. Байдаулетов Премьер-лигада алғашқы ойынын 2025 жылдың мамыр айында «Женіс» командасына қарсы өткізіп, ойын соңында алаңға шыққан болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz