25.09.2025
Ұлар Жақсыбаев қандай жарақат алуы мүмкін?
sportplustv.kz
«Ордабасы» командасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев «Тобылмен» кездесуден кейін алған жарақатынан ұзақ уақыт бойы жасыл алаңға орала алмауы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Серый CARDINAL» арнасында жазылды. Онда жазылғанындай, қорғаушы тізе байламын үзіп алған болуы ықтимал.
Ойыннан кейін қостанайлық клуб сапындағы Жаслан Жұмашев, Шохбоз Умаров және Темірлан Ерланов оны жедел жәрдем көлігіне дейін көтеріп алып барды.
Айта кетсек, аталған кездесуде «Ордабасы» 0:1 есебімен жол берді.
Ұлар Жақсыбаев 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын 2015 жылы «Ордабасы» клубында бастаса, одан кейін «Қайсар», «Қыран», «Ақсу», «Қызылжар» клубтарында доп тепті. 2025 жылдан бастап шымкенттік клуб сапын қосылды.
2024 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан