29.09.2025
Рафаэль Уразбахтин: Чемпиондар лигасы алтынға таласуға еш кедергісін тигізбейді
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өзінің командасы тығыз жарыс кестесі чемпиондыққа таластыққа еш кедергісін тигізбейді деп сенеді, деп хабарлайды Sports.kz.
— Біз «Жетісумен» болатын ойынды бесінші қазанға ауыстырдық. «Реалға» асықпай дайындалдық. Әлі бізде төрт күн болады. Сол уақытта «Жетісуге» дайындаламыз. Одан кейін ұлттық құраманың ойындары болады. Жалпы, біз мұндай режимде бұрын да ойнадық. Жігіттер оған үйреніп кетті және өздерін жайлы сезінеді, — деді баспасөз мәслихатында Рафаэль Уразбахтин.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында «Қайрат» пен «Астананың» арасында қызу талас жалғасып келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов