02.10.2025

Футболдан Қазақстан Кубогының финалына билеттер толықтай сатылып кетті

Футболдан Қазақстан Кубогының финалына билеттер толықтай сатылып кетті

Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобылы» арасында өтетін Қазақстан кубогының финалына барлық билеттер сатылып кетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Турнирдің басты ойыны 4 қазан күні «Қайсар Аренада» өтеді. Басталу уақыты - 19:00.

«Ордабасы» жартылай финалда «Қызылжармен» кездесіп, қосымша уақытта жеңісті жұлып алды.

«Тобыл» өз жолында елордалық «Жеңісті» жарыс жолынан шығарды.

Айта кетейік, қос ұжым 2023 жылы да финалда кездесіп, «Тобыл» жеңіске жеткен еді.


Біздің серіктес: Sport12kz