10.10.2025
Дастан Сәтпаев жеке өмірі жайлы маңызды мәлімдеме жасады
Футболшы Дастан Сәтпаевтың атымен Instagram желісінде жалған аккаунт пайда болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Белгісіз тұлғалар спортшының суреттері мен жеке мәліметтерін пайдаланып, қайырымдылық мақсатында деп халықтан ақша жинамақ болған.
Дастан Сәтпаев өз парақшасында бұл жағдайға қатысты арнайы ескерту жасап,
«Фейк аккаунт, ақша жібермеңіздер!!!» деп жазды.

Фейк парақша @dastan_satpayev9 деген атпен тіркелген. Онда футболшының суреттері, видеолары мен клубтағы өмірінен алынған жазбалар жарияланған.
Ал футболшының @d.satpayev ресми аккаунтында 200 мыңнан астам жазылушы бар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов