Матч орталығы
Ухань, қыздар Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 0:1 2-сет Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 15:00 Бүгін Астана Астана УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Кайрат U19 Кайрат U19 15:00 Бүгін OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 Ухань, қыздар Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 16:00 Бүгін Энн Ли Энн Ли КХЛ Хоккей Барыс Барыс 19:30 Бүгін Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 21:45 Бүгін Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 21:45 Бүгін Комо Комо Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 23:45 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 23:45 Бүгін Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 23:45 Бүгін Шеффилд Шеффилд Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 00:00 Ертең Фенербахче Фенербахче Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 00:00 Ертең Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 00:00 Ертең Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 00:00 Ертең АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 00:00 Ертең Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 00:00 Ертең ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 00:00 Ертең Штутгарт Штутгарт Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 00:00 Ертең Боруссия Боруссия Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 08:00 Ертең Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Панатинаикос Панатинаикос 21:45 Ертең Борац Борац

18.11.2025

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарының билет бағасын арзандатты

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарының билет бағасын арзандатты

Футболдан Чемпиондар лигасында өнер көрсететін «Қайрат» клубы өз алаңындағы ойындарына билет бағасын арзандатты, деп хабарлайды Sport12.kz

««Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесе отырып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіреміз деп шешті.

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.

Билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.

Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына алған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу, басымдық арқылы сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат береді», - делінген клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, алматылық команда 26 қараша күні сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» жолығады.

Осыған байланысты Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған «Қайраттың» бірнеше футболшысы Фарер аралдарына қарсы өтетін матчқа қатыспайды.


Біздің серіктес: Sport12kz