20.11.2025
Андрей Ферапонтов Қызылордаға келді
«Қайсар» командасының жаңа бас бапкері Андрей Ферапонтов Қызылордаға келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сапар барысында жаңа жаттықтырушы облыс әкіміне таныстырылып, «Қайсар» футбол клубының инфрақұрылымымен, негізгі және жастар командасына арналған жаңа оқу-жаттығу базасының жобасымен, сондай-ақ клуб Академиясының жаңартылған тұжырымдамасымен жан-жақты танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар стратегиялық бағыттар белгіленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан