25.11.2025

«Каспий» клубының баспасөз қызметі: Виктор Кумыков жайлы ақпарат жалған

«Каспий» клубының баспасөз қызметі: Виктор Кумыков жайлы ақпарат жалған

Бүгін атақты бапкер Виктор Кумыков «Каспий» клубының тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпарат тарады. Осы орайда Sport12.kz сайтының тілшісі «Каспий» командасымен байланысқа шықты.

Жақында ғана «Қайсар» клубынан кеткен Виктор Кумыков Ақтауға барады деген ақпарат тарап кетті. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? 

  • «Бұл ақпарат жалған. Дәл қазіргі сәтте клубтағы бас бапкер Руслан Эсатов әлі қызметін жалғастырып жатыр. Сіздерді тек клубтың ресми мәлімдемесін күтіп, нақты ақпарат берулеріңізді сұраймын. Мақсат Байжановқа қатысты да мәлімдеме шындыққа жанаспайды», - деді «Каспий» клубының баспасөз қызметі.

Бұған дейін клуб жайлы БАҚ беттерінде отандық және шетелдік бапкерлердің келуі туралы ақпараттар бірнеше рет жарияланған болатын.

Айта кетейік, «Каспий» командасы Бірінші Лигасының осы маусымында мерзімінен бұрын Премьер Лигаға жолдама алып, чемпион атанған еді. Енді Руслан Эсатов шәкірттері келесі маусымда Премьер-лигада бақ сынайды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»