Матч орталығы
КХЛ Хоккей Трактор Трактор 3:1 Аяқталды Ак Барс Ак Барс Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 2:1 Аяқталды Карен Хачанов Карен Хачанов Бундеслига Футбол Штутгарт Штутгарт 2:3 Аяқталды Боруссия Боруссия А сериясы Футбол Торино Торино 3:2 Аяқталды Монца Монца Еуролига Баскетбол Париж Париж 93:104 Аяқталды Валенсия Валенсия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:2 Аяқталды Ницца Ницца Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 1:1 Аяқталды Ноттингем Форест Ноттингем Форест Ла Лига Футбол Алавес Алавес 1:1 Аяқталды Малага Малага Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:5 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Примейра-лига Футбол Гимарайнш Гимарайнш 5:0 Аяқталды Маритиму Маритиму Токио женщины Теннис Хаю Киносита Хаю Киносита 10:00 Бүгін Юлия Путинцева Юлия Путинцева Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 14:30 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Бүгін Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 15:00 Бүгін Тобыл Тобыл Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 16:00 Бүгін Ұлытау Ұлытау Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:30 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 16:30 Бүгін Манчестер Сити Манчестер Сити Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 16:30 Бүгін Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 16:30 Бүгін Миллуолл Миллуолл Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Бүгін Эльче Эльче

04.12.2025

«Реалдың» жұлдызы тарихи антирекорд орнатты

«Реалдың» жұлдызы тарихи антирекорд орнатты

Мадридтің «Реал» клубында көңіл құлазытар жағдай тіркелді. Бразилиялық шабуылшы Родриго Гоэс команданың тарихындағы ең ұзақ голсыз серияның жаңа иегері атанды.

Родригоның көрсеткіші бүгінде 31 матчқа жетті — бұл 1351 минут бойы қарсыластар қақпасына жол таба алмады деген сөз. Осыған дейінгі антирекорд Мариано Диасқа тиесілі болатын (30 матч, 986 минут), алайда бразилиялық форвард бұл межені жаңартып кетті.

«Атлетикке» қарсы өткен ойында (3:0) Родриго қосалқы құрамнан шықты және алаңда бар болғаны 13 минут өткізіп, нәтижеге ықпал ете алмады.

Команданың негізгі шабуыл күші ретінде қарастырылған ойыншы үшін мұндай ұзақ голсыз кезең — үлкен соққы. Биылғы маусымда Родриго 16 матчқа қатысса да, бірде-бір рет гол соқпаған.

Айта кетейік, оның соңғы голы наурыз айында — Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетиконың» қақпасына соққан матчта тіркелген.



Біздің серіктес: Sport12kz