04.12.2025
Андрей Демченко «Жеңіс» клубынан ресми түрде кетті
Астана қаласының «Жеңіс» клубы украиналық маман Андрей Демченконың бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.
«Футбол клубы «Жеңіс» бас бапкеріміз Андрей Демченкомен арадағы келісімшарт мерзімінің аяқталғанын хабарлайды», — делінген ресми мәлімдемеде.
Демченко 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымы барысында команда тізгінін уақытша қолға алған еді. Ол грек маманы Акис Вавалис пен Пиралы Алиевті алмастырған. Бұрынғы бапкерлер 12 ойында бірде-бір жеңіске жете алмаған.
Демченконың басшылығымен «Жеңіс» 14 матчта 8 рет жеңді, 5 рет тең түсті, 1 рет ұтылды. Сонымен қатар команда Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін шықты.
БАҚ мәліметінше, елордалық клубтың жаңа бас бапкері қызметіне Али Алиев келуі мүмкін. Ол бұған дейін Қазақстан құрамасында жұмыс істеген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан