23.12.2025
Абат Айымбетов мансабын қайда жалғастырады?
Фото: ҚФФ
Абат Айымбетовтің мансабын қайда жалғастыратыны жөнінде ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде футболшының өкілі Траян Гергишан айтып берді. Оның мәлімдеуінше, қазір қазақстандық шабуылшының мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасы қарастырылып отыр. Әзірге қай команда болатыны құпия ұсталады.
Абат Айымбетов 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген.
Футболдағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Ақтөбе» командасында бастады. Одан кейін алматылық «Қайрат», елордалық «Астана» клубтарында ойын көрсетті.
Ұлттық құрама сапында 2019 жылдан бері 3 ойын көрсетіп келеді.
«Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетті. Дегенмен биыл түркиялық клуб бірінші лигага түсіп, Абат командадан кетті. Содан бері әзірге ешқандай клуб сапында ойын көрсеткен жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан