10.01.2026
Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» клубына ауысты
Фото: «Ахмат» футбол клубы
Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің «Ахмат» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ресейлік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Келісімшарт мерзімі 4,5 жылға жасалған.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» командасы академиясында тәлім алған ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойында бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Біздің серіктес: Sport12kz