27.01.2026
Давид Есімбеков «Каспий» сапына ауысты
Фото: «Каспий» футбол клубы
Давид Есімбеков «Каспий» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында 8 матч өткізіп, 1 гол соққан. Қазақстан жастар құрамасының (U21) ойыншысы.
Давид Есімбеков - талдықорғандық «Жетысу» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы «Жетысу» клубының жастар құрамында Екінші лигада бастады. 2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Премьер-лигасында негізгі құрам сапында дебюттік кездесуін өткізді.
2024 жылы Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін «Черноморец» футбол клубына ауысты. Кейіннен «Женіс» клубына жалға берілді. Өткен жылы «Жетісу» сапында өткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан