08.06.2023
Лионель Месси «Интер Майами» ойыншысы атанды
Лионель Месси
MLS клубы «Интер Майами» аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің команда құрамына қосылғанын ресми түрде хабарлады. Трансфер туралы бейнеролик клубтың Twitter-дегі ресми парақшасында пайда болды.
Еске салайық, ПСЖ 2022/2023 жылғы маусымның соңында Мессидің командадан кететінін хабарлаған болатын. 35 жастағы ойыншы клубтан еркін агент ретінде кетті.
«Интердің» ұсынысын қабылдамас бұрын, «Алтын доптың» жеті дүркін иегері «Барселона» мен Сауд Арабиясындағы «Аль-Хиләл» клубының ұсыныстарын қарастырды.
Аргентиналық шабуылшы осы маусымда ПСЖ үшін 41 ойынға қатысып, 21 гол соқты, 20 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан