Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.04.2026

«Астана» жаңа демеушіге өтуі мүмкін

«Астана» жаңа демеушіге өтуі мүмкін

Елордалық «Астана» футбол клубын сатып алуға жаңа үміткер шықты. Ақпаратқа сәйкес, клубты ірі құрылыс компаниясы «ВД Строй-Инжиниринг» жекешелендіруі мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.

2004 жылы құрылған бұл холдинг Қазақстанда бірқатар ірі спорт нысандарын салумен танымал. Атап айтқанда, Қызылордадағы 11 мың орындық стадион, Астана мен Түркістандағы ипподромдар осы компанияның жобалары қатарында. Сондай-ақ, «Медеу» жоғары таулы спорт кешенін күрделі жөндеуден өткізу және Алматыда жаңа футбол стадионын салу жұмыстары да осы компанияға сеніп тапсырылған.

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясының бақылау кеңесін Еркін Оқасов басқарады. Ол сонымен қатар Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін атқарады.

Қазіргі таңда әлеуетті инвестор «Астана» клубының қаржылық жағдайына аудит жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында «Астана» бес турдан кейін сегіз ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан