Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.04.2026

«Челси» өз алаңында «Ситиді» қабылдайды

«Челси» өз алаңында «Ситиді» қабылдайды

12 сәуір күні Англия Премьер-лигасының 32-туры аясында лондондық «Челси» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды.

Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Қазіргі таңда «Манчестер Сити» 30 матчтан кейін 61 ұпай жинаса, «Челси» 31 ойыннан соң 48 ұпай еншілеген.

Соңғы турда «Челси» сырт алаңда «Эвертоннан» 0:3 есебімен жеңіліп, барлық турнирдегі қатарынан төртінші жеңілісіне ұшыраған еді. Алайда кейін команда Англия Кубогында «Порт Вейлді» 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, өз жанкүйерлерінің алдында еңсесін тіктеді.

Ал «Манчестер Сити» соңғы матчында Премьер-лигада «Вест Хэммен» 1:1 есебімен тең ойнады. Бұдан кейін команда өзге турнирлерде «Реалдан» Чемпиондар лигасында жеңіліп (1:2), Англия Лига кубогының финалында «Арсеналды» ұтты (2:0) және Англия Кубогында «Ливерпульді» ірі есеппен жеңді (4:0).



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан