30.06.2023
Луис Энрике ПСЖ-ны тізгіндейді
Луис Энрике
Испаниялық маман Луис Энрике ПСЖ-ның бас бапкері болып тағайындалады, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің мәліметінше, 53 жастағы испаниялық маман жақын арада париждік клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қояды. Ол ПСЖ Кристоф Гальтьемен келісімшартты бұзған соң жаңа бас бапкер ретінде таныстырылады.
Өткен маусымда «ПСЖ» 85 ұпаймен Франция чемпионы атанды. Сонымен қатар, Гальтье бастаған команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығып, онда «Бавариядан» ұтылды (0:1; 0:2).
Біздің серіктес: Sport12kz