6 сағат бұрын
«Каспий» командасы тізгінін кім ұстайды?
Фото: seykhuninfo.kz
Ақтаулық «Каспий» командасының жаңа бас бапкері қазақстандық маман Ерлан Шойтымов болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тәжірибелі маман соңғы екі жылда Түркістан облысындағы «Жетісай» футбол клубының бас бапкері болды. Команда бірінші лигада 2024 жылы -7, 2025 жылы -5 орын алды.
Ерлан Шойтымов - «Қайсар» командасының түлегі. Сондай-ақ қазақстандық бірнеше клубта ойын көрсетті. 1999 жылы «Қайсар» командасы құрамында Қазақстан кубогын төбесіне көтерді.
Ақтаулық команда бес турдан кейін небәрі бір ұпаймен он алтыншы орында тұр. Команданың бас бапкері Пирали Алиев қызметінен кетуі мүмкін деген ақпараттар айтылуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан