6 сағат бұрын
«Астанаға» жаңа демеуші келе ме?
Фото: «Астана» футбол клубы
«Астана» жаңа демеуші жөнінде ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- «Астана» футбол клубы бірқатар ақпарат көздерінде таралған «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Клуб аталған компаниямен сату немесе басқаруға беру мәселелері бойынша ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қандай да бір әлеуетті инвесторлар тарапынан аудиторлық тексеріс жүргізіліп жатқан жоқ.
«Астана» ФК бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жанкүйерлерді тек клубтың ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерге сенуге шақырады, - деп жазылған хабарламада.
«Астана» бес турдан кейін 8 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан