5 сағат бұрын
«Қайсар» басшылығы команда қашан жеңіске жететінін айтты
Фото: Әділбек Жақанов
Қызылордалық «Қайсардың» бапкерлер құрамы мен ойыншылар жергілікті жанкүйерлермен жүздесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биыл команда ел біріншілігінде сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Бес турдан кейін небәрі 3 ұпай жинап, турнир кестесінде он екінші орынды місе тұтып тұр.
Бүгін команда жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді. Содан кейін көпшілікпен жүздесіп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жанкүйер алдында команданың бас бапкері Андрей Ферапонтов пен капитан Нұрымжан Салайдин ойын жөнінде пікірін білдірді.
Ендігі кезекте жанкүйерлер өскемендік «Алтайға» қарсы кездесуде командадан жеңіс күтетінін мәлімдеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан