Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бразилиялық футболшы «Қайсар» сапына қашан қосылады?

Бразилиялық футболшы «Қайсар» сапына қашан қосылады?

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Бразилиялық футболшы Микеас Еваристо «Қайсар» сапына қашан қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Футболшы әзірге Қызылордаға келген жоқ. Басты себеп - виза мәселесі. Бұл мәселе жақын уақытта шешіледі деп күтілуде.

24 жастағы Микеас Бразилия чемпионатының ең жоғары дивизионында өнер көрсететін «Баия» футбол клубынан ауысуда. Сонымен қатар «Итуано», «Америко Минейро» сынды командаларда доп тепкен. Алаңдағы негізгі позициясы - жартылай қорғаушы.

Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.

Команда құрамына биыл нигериялық танымал футболшы Виктор Мозес қосылды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан