5 сағат бұрын
«Атырау» ойыншылардың үш айлық жалақысынан құтылды
Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» футбол клубы бапкерлер мен ойыншыларға үш айлық жалақы берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде «Серый кардинал» телеграм арнасына жазылды.
- Жыл басынан бері ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамына жалақы төленбеді. Дегенмен олар чемпионатта өте сәтті бастады. Тіпті чемпионатта кейбіркөшбасшы ұжымдардан озып кетті. Бірақ бүгін қарыздар өтелді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, атыраулық клуб бесінші турда «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді. Турнир кестесінде 7 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан