6 күн бұрын
Джуд Беллингем: Чемпиондар лигасын жеңіп алғымыз келеді
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Баварияға» қарсы қарымта сырт алаңдағы матч алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
Мадридте өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен мюнхендік клубтың пайдасына аяқталған болатын.
– Ойынның қиын болатынын түсінеміз. Ал есепте ұтылып жатқанымыз – өз кінәміз. Кез келген жеңіліс – апат. Ал біздің жағдайымызда бұл ойын финалмен тең. Таразы басында өте көп нәрсе тұр. Сондықтан біз жақсы ойын көрсетуіміз қажет. Біз қорғаныста жатып қалмаймыз. Жеңіске сенеміз. Өйткені басқа таңдау жоқ. Себебі, міндетті түрде жеңуіміз керек.
Бұл ойын Ла Лигадағы жағдайымызды ескерсек, өте маңызды. Ал Кубоктан біз шығып қалдық. Чемпиондар лигасын жеңіп алғымыз келеді. Жүлде үшін соңына дейін күрескіміз келеді. Бұл аса маңызды кездесу және біз жеңіске жету үшін барымызды саламыз, – деді Беллингем клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, «Бавария» — «Реал» арасындағы ойын бүгін түнгі 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов