Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Тағы бір клуб өз алаңындағы ойынын «Астана Арена» стадионында өткізеді

Тағы бір клуб өз алаңындағы ойынын «Астана Арена» стадионында өткізеді

Қазақстан Премьер-лигасының бір клубы уақытша өз алаңын ауыстырып, матчтарын елордада өткізетін болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Павлодарлық «Ертіс» мамыр айынан бастап қарсыластарын «Астана Арена» стадионында қабылдайды. Көшудің себебі — әдетте үй матчтары өтетін «Орталық» стадиондағы жасанды жабындыны ауыстыру жұмыстары.

Қазіргі уақытта «Астана Аренада» «Астана» мен «Жеңіс» клубтары да ойнап жүр. Сонымен қатар өз стадионы дайын болмағандықтан, «Елімай» да матчтарын осы жерде өткізуге мәжбүр.

Нысанда ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған мемлекеттік бюджеттен шамамен 15 миллиард теңге бөлінген.

Айта кетейік, «Ертіс» осы маусымда Премьер-лигаға қайта оралды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан