5 сағат бұрын
Футболдан Бірінші лигада «Тұран» алғашқы жеңісіне жетті
Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің ІІ турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.,
Бұл күні түркістандық «Тұран» өз алаңында сол облыстың тағы бір өкілі «Арысты» қабылдады.
Алғашқы турда Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасына 1:2 есебімен есе жіберген команда енді жеңіске жетуге бар күшін салды. Соған қарамастан олар бірінші кезеңде қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде 50-минутта «Тұран» сапынан Темірлан Мұрзағалиев соққан гол кездесу тағдырын шешті. Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ бүгін Оралдың «Жайығы» елордалық «Астана-Ж» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Каспий-Ж» (Ақтау) - «Қайрат-Ж» (Алматы) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
17 сәуірдегі ойын кестесі
15:00. «Шахтер» (Қарағанды) - «Батыр» (Павлодар облысы)
15:00. «Ақтөбе-Ж» - «Тараз»
15:00. «Елімай-Ж» (Семей) - «Хан тәңірі» (Алматы)
16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Тобыл-Ж» (Қостанай).
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан