2 күн бұрын
«Реал» бапкер ауыстырудан бас тартты
Мадридтің «Реал» клубы бас бапкер Альваро Арбелоаны қызметінен босатуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл шешім команда «Бавариядан» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалғанына қарамастан қабылданды.
Испаниялық дереккөздердің мәліметінше, клуб басшылығы маманға сенім білдіріп, оның тек осы маусымды ғана емес, келесі маусымды да командамен бірге өткізетініне үміт артып отыр. Матчтан кейін Арбелоа клуб шешіміне дайын екенін айтқанымен, «Реал» онымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында маусым соңында бапкер ауысуы мүмкін екені және клубта ауқымды өзгерістер болатыны туралы ақпарат тараған еді.
Айта кетейік, биылғы маусым «Реал» үшін сәтсіз өтіп жатыр: команда Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығып қалды және Испания чемпионатында көш бастап тұрған «Барселонадан» тоғыз ұпайға қалып келеді. Маусым аяқталуына жеті тур қалғанда бұл айырманы қысқарту қиын болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан