7 сағат бұрын
Биыл еурокубок ойындарында қандай командалар бақ сынайды?
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстандық бес команда футболдан UEFA турниріне қатысуға лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олардың 4-уі ерлер, 1-еуі әйелдер командасына арналған. Ерлер арасында бір команда Чемпиондар лигасында сынға түссе, қалған үшеуі Конференция лигасында бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында қазақстандық команда Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды.
«Қайрат» - Чемпиондар лигасы
«Астана» - Конференция лигасы
«Тобыл» - Конференция лигасы
«Елімай» - Конференция лигасы
«Ақтөбе» әйелдер омандасы - Чемпиондар лигасы.
«Қайрат» былтыр ел чемпионы атанса, «Тобыл» Қазақстан кубогын төбесіне көтерді.
Ал «Астана» мен «Елімай» ел біріншілігінде екінші және үшінші орындарға тұрақтады.
«Ақтөбе» әйелдер омандасы ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан