Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

«Жетісу» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

«Жетісу» соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті

Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 18 сәуір күні Павлодардағы Орталық стадионда өтті. 

Ойын қонақтардың жылдам голымен басталды. 6-минутта Адахаджиев есеп ашып, «Жетісуды» алға шығарды. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Екінші таймда алаң иелері қарымта қайтаруға тырысып, 74-минутта Седько таразы басын теңестірді — 1:1. Матч тең аяқталуға жақын тұрған сәтте қонақтар шешуші соққы жасады. Қосымша уақытта, 90+6 минутта Живанович гол соғып, «Жетісуға» жеңіс сыйлады — 1:2.

Айта кетейік, ойын барысында «Ертістің» бір голы офсайдқа байланысты есепке алынбады.

Осылайша, «Жетісу» маңызды үш ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты, ал «Ертіс» өз алаңында ұпай жоғалтты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан