12 сағат бұрын
Марин Томасовтың жылдам голы ҚПЛ тарихына енді
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы алтыншы турында «Елімай» - «Астана» кездесуінде елордалық командадан Марин Томасовтың соққан голы ең жылдам соғылған есебінде тарихқа енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Астаналық команда сапынан Марин Томасов 18-секундта қарсылас команда қақпасын дәл көздеді. Нәтижесінде ол ҚПЛ-да жылдам соғылған голдың үштігіне енді.
Бұл жөнінен рекорд әзірге қазақстандық шабуылшы Жасұлан Молдақараевтың еншісіне жазылған. шабуылшы 2017 жылдың 22 қазанында қостанайлық «Тобыл» сапында Көкшетаудың «Оқжетпес» құрамына небәрі 10-секундта гол соққан еді.
Сондай-ақ өзбекстандық футболшы «Ордабасы» сапында 2015 жылы «Тобыл», Сергей Шафф 2017 жылы «Окжетпес» құрамында «Ақтөбе» қақпашысын қапы қалдырған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан