12 сағат бұрын
Қызылордада QJ League тарихындағы 1000-шы ойын өтті
Қызылорда қаласындағы «Қайсар-арена» стадионында Freedom QJ League турнирінің 1000 мерейтойлық матчы өтті. Бұл кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) жастары ойын көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мерейтойлық матчтың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, QJ League президенті Рохус Шох, Freedom QJ League Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тммур Турлов сөз сөйледі.
Лига құрылған күннен бастап жасөспірімдер футболына ерекше қолдау көрсетіп келеді. Жарыстар апталық цикл бойынша, үй және сырт алаңдағы матчтармен айналым жүйесінде өткізіледі.
Барлық негізгі шығындарды жобаның бас серіктесі – Freedom Holding Corp. компаниясы өз мойнына алады. Қатысушы клубтар тек өз алаңындағы матчтарды ұйымдастыру шығынын өтейді.
Флагман турнирдің алғашқы турындағы «Қайсар» мен «Тобыл» арасындағы матч Лига тарихындағы 1000-шы ойын болады. Осыған орай Қызылорда тұрғындары үшін біздің үздік Matchday дәстүрлерімізге сай ауқымды футбол мерекесі дайындалды.
Келген қонақтарға конкурстар, түрлі ойын-сауық белсенділіктері және жарқын шоу-бағдарлама ұсынылды. Фестивальдің хедлайнерлері – танымал орындаушылар ARO және DARICORN.
Фестиваль Freedom QJ League серіктесі – Қазақстандағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы, Astana Motors құрамына кіретін Changan Kazakhstan компаниясының қолдауымен өтті.
Бұл кездесуде «Қайсар» қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды 38-минутта Ернар Парда соқты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан