11 сағат бұрын
ҚПЛ: «Елімай» мен «Астана» тең ойнады
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы алтыншы турындағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турда жанкүйерлер «Елімай» (Семей) - «Астана» кездесуіне ерекше қызығушылық білдірді. Ойын барысында елордалық командадан Марин Томасов небәрі 18-секундта мергендік танытты. Ел біріншілігі тарихында жылдам гол соғу жөнінен ол алғашқы үштікке енді. Бұл жөнінен рекорд әзірге қазақстандық шабуылшы Жасұлан Молдақараевтың еншісіне жазылған. шабуылшы 2017 жылдың 22 қазанында қостанайлық «Тобыл» сапында Көкшетаудың «Оқжетпес» құрамына небәрі 10-секундта гол соққан еді.
Сондай-ақ 2015 жылы «Ордабасы» сапынан Александр Гейнрих, 2017 жылы «Окжетпес» футболшысы Сергей Шафф 18 секундта гол соққан еді.
Дегенмен 5-минутта «Елімай» футболшысы Әділбек Жұмаханов таразы басын теңестірсе, Фессу Плакка 27-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.
Ойынның 47-минутында «Астананың» жас футболшысы Мақсат Абраев қақпаны алыстан дәл көздеді.
Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Қазірге дейін өткен тағы бір кездесуде павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал «Қайрат» (Алматы) - «Каспий» (Ақтау) кездесуінің бірінші кезеңінен кейін есеп ашылған жоқ.
Ал 19:00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Оқжетпес» (Көкшетау) ойыны басталады.
Екінші ойын күні, 19 сәуірде 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай), 16:00-де «Атырау» - «Қызылжар» (Петропавл), 17:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Ақтөбе»,19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) - «Алтай» (Өскемен) шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан