Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан Премьер-лигасы алтыншы турында Ақтаудың «Каспийінен» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында алматылық команда қарсылас қақпасына жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаевтың берген пасын Эдмилсон 55-минутта голға айналдырса, 85-минутта Жоржиньо қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Бұл жеңістен кейін алматылық клуб турнир кестесінде 14 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Елімай» (Семей) - «Астана» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Бірінші кезеңнен «Ордабасы» (Шымкент) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0 есебімен тең түсіп жатыр.

Екінші ойын күні, 19 сәуірде 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай), 16:00-де «Атырау» - «Қызылжар» (Петропавл), 17:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Ақтөбе»,19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) - «Алтай» (Өскемен) шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан