7 сағат бұрын
Футболдан ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Беларусьті жеңді
Фото: ҚФФ
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бегайым Қырғызбаева бастаған ұжымның қарсыласы Беларусь құрамасы болды. Кездесу Гүржістанның Гори қаласындағы Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадионда өтіп, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта Қазына Норбаева соқты.
Бұл жеңіс қазақстандық футболшыларға 6 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы көш бастап тұрған Беларусьпен ұпай саны тең болып, топта екінші орында тұр.
Келесі ойынын команда 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасына қарсы өткізеді.
Беларусь W – Қазақстан W – 0:1
Голдар: Норбаева 84
Алаңнан қуылды: Алховик 11
Қазақстан W: Портнова (Қ), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Демидова 71), Норбаева (Мамырова 85), Жұмабайқызы (Мясникова 55), Хайруллина, Бабшук (К), Гайстенова (Тучина 85), Бибосынова (Тұрлыбекова 71);
Қосалқы құрам: Исмайлова (Қ), Зейнали (Қ), Шустова, Сұңкарова, Абдуллаева, Набокова, Сатығалиева
Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева
Беларусь W: Воскобович (Қ), Слесарчик, Козюпа, Ситникава, Капустина (Казакевич 46), Линник (К), Белая (Манюкова 85), Синауская (Ковалева 46), Шлапакова, Суровцева (Валюк 66), Алховик;
Қосалқы құрам: Сеуко (Қ), Свидунович (Қ), Кубичная, Ятсунович, Цихамирова.
Бас бапкер: Вячеслау Хрихарау
Төрешілер: Циофлики, Комисопулу, Детси, Делигианни (барлығы – Грекия)
18 сәуір, 2026. Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадион, Гори (Грузия).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан