Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» «Оқжетпестен» басым түсті 

ҚПЛ: «Ордабасы» «Оқжетпестен» басым түсті 

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы алтыншы турында Көкшетаудың «Оқжетпесінен» басым түскен шымкенттік «Ордабасы» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Шымкенттік команда биыл құрамын біршама күшейтті. Тәжірибелі футболшылар аталған клубтың жеңіске жетуіне күш салып келеді. Десе де ойын барысында оларға көкшетаулық футболшылар лайықты қарсылық көрсете білді.

Ойынның 65-минутында шымкенттік клубтан Сергей Малый есеп ашса, оған «Оқжетпес» сапынан Де Ассунсау Леонарду 91-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ал «Ордабасы» футболшысы Мағжан Тоқтыбай 94-минутта мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұған дейін «Елімай» (Семей) - «Астана» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ алматылық «Қайрат» өз алаңында Ақтаудың «Каспийінен» 2:0 есебімен басым түсті.

Енді екінші ойын күні, 19 сәуірде 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай), 16:00-де «Атырау» - «Қызылжар» (Петропавл), 17:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Ақтөбе»,19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) - «Алтай» (Өскемен) шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан