5 сағат бұрын
Ринат Алюетов: Малый болмаса, «Оқжетпес» ұпай алар еді
Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдап, 2:1 есебімен ерік-жігер жеңісіне жетті. Шымкенттік клуб матч барысында есепте артта қалғанына қарамастан, камбэк жасап, маңызды үш ұпайды иеленді.
Ойыннан кейін «Оқжетпес» командасының бас бапкері Ринат Алюетов «Ордабасы» қорғаушысы Сергей Малыйдың ойынына ерекше тоқталып, таңданысын жасырмады.
— Матчтан кейін Сергей Малыйдан мансабын қашан аяқтайтынын сұрадым. Осындай жасқа келіп, дәл осындай деңгейде ойнап жүргені таңғалдырады. Менің ойымша, егер Малый болмағанда, біз Шымкенттен кем дегенде бір ұпай алып кетер едік. Сондықтан ойыннан кейін оған келіп, әдемі ойыны үшін алғысымды білдірдім. «Сен — үздік футболистсің, мансабың да керемет. Бүгінгі «Ордабасының» жеңісінде бапкерлік штаб пен командадан бөлек, дәл Малыйдың үлесі ерекше болды», — дедім. Ол жеңіс үшін барын салды, — деді Алюетов.
Айта кетейік, 35 жастағы қорғаушы тек қорғаныста сенімді ойнап қана қоймай, матчтың 65-минутында гол соғып, командасын алға шығарған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан