4 сағат бұрын
«Қайсар Арена» стадионы UEFA инспекциясынан өтпек
Ертең Қызылорда қаласына UEFA өкілдері инспекциялық сапармен келеді. Ақпаратқа сәйкес, сапардың негізгі мақсаты – «Қайсар Арена» стадионының сертификаттау мәселесін қарастыру.
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін оған уақытша IV категория берілген болатын. Енді тексеріс барысында мамандар стадионның осы санат талаптарына сәйкестігін жан-жақты бағалап, оның мәртебесін растау немесе төмендету жөнінде шешім қабылдайды.
Бағалау тек стадионның техникалық жағдайымен шектелмейді. Сондай-ақ қала инфрақұрылымының деңгейі де назарға алынады. Атап айтқанда, қонақүй қоры, көлік қатынасы, логистикалық мүмкіндіктер және медиа аймақтардың дайындығы тексеріледі.
Егер «Қайсар Арена» ең жоғары категорияны иеленсе, ол UEFA аясындағы кез келген деңгейдегі матчтарды қабылдауға мүмкіндік алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан