Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Әубәкіров «Қайсар» — «Алтай» матчын қайта өткізуді ұсынды

Әубәкіров «Қайсар» — «Алтай» матчын қайта өткізуді ұсынды

Ұлттық санаттағы төреші Әлібек Әубәкіров ҚПЛ-дың алтыншы турында өткен «Қайсар» — «Алтай» матчын талдап, ойынды қайта өткізу қажет деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, кездесудің 75-минутында «Қайсар» ойыншысы Эзекиль қарсыласқа өрескел ойын көрсеткенімен, бас төреші Марат Ысқақов тек сары қағазбен шектелген. Ал 90-минутта дәл осы футболшы тағы бір тәртіп бұзушылық жасап, екінші сары қағаз алған. Алайда ережеге сай қызыл қағаз көрсетіліп, алаңнан қуылуы тиіс ойыншы ойыннан шығарылмаған.

Әубәкіровтың пікірінше, бұл жағдайда VAR жүйесі де араласуы керек еді. Алайда бейнетөрешілер Саят Қарабаев пен оның ассистенті Иван Новродский тарапынан да тиісті әрекет болмаған.

Төреші мұндай қателіктер ойын ережелеріне қайшы екенін атап өтіп, Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік регламентіне сәйкес матч нәтижесі жойылып, қайта ойнатылуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ ол жауапты төрешілерге қатаң жаза қолданылуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен «Қайсар» сапынан Әділет Кенесбек есеп ашса, матч соңында «Алтай» ойыншысы Сейф Попов таразы басын теңестірді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан