7 сағат бұрын
«Ливерпуль» Салахтың орнына жаңа ойыншы қарастыруда
Ағылшынның «Ливерпуль» клубы құрамын күшейту мақсатында Германияның «РБ Лейпциг» командасында ойнайтын ивуарлық вингер Ян Диомандеге қызығушылық танытып отыр.
Неміс журналисі әрі инсайдер Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, Диоманде «Ливерпуль» үшін Мохаммед Салахтың орнын басатын басты үміткерге айналған. Бұл трансферді клуб басшылығы толық қолдап отыр. Қазірдің өзінде футболшының жаңа агенттерімен байланыс орнатылған, алайда келісім әлі жасалған жоқ және клубтар арасында ресми келіссөздер басталмаған.
Өз кезегінде «РБ Лейпциг» ойыншының жалақысын қайта қарап, келісімшартын ұзартуға мүдделі. Сонымен қатар, бұл футболшыға Францияның «ПСЖ» клубы да қызығушылық танытып, оның агенттерімен кездесу өткізген.
Айта кетейік, 19 жастағы Ян Диоманде осы маусымда «РБ Лейпциг» сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан