6 сағат бұрын
ҚФФ «Алтайға» үй стадионында матч өткізуге рұқсат бермеді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) лицензиялау департаменті Өскеменнің «Алтай» клубына Кубок Қазақстан аясындағы үй матчтарын өз стадионында өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды журналист Эльдар Аманбаев.
Ақпаратқа сүйенсек, клубтың қазіргі стадионы талаптарға сай келмейді және кубоктық ойынға дайын болмауы мүмкін.
Сол себепті 30 сәуірде «Алтай» Жезқазғанның «Ұлытау» командасына қарсы кездесуін өз алаңында емес, Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткізеді.
Ақпаратқа сәйкес, стадион толық дайын болуы мүмкін мерзім — 9 мамыр.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымында «Алтай» алты турдан кейін 3 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан