Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Киберфутболдан спортшымыз Англияда өтетін eChampions League турнирінде ел намысын қорғайды

Киберфутболдан спортшымыз Англияда өтетін eChampions League турнирінде ел намысын қорғайды

Қарағандылық Данияр Шарабадин ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL-дің алғашқы чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

Турнирдің гранд-финалы Қарағандыда өтіп, елдің ең мықты ойыншыларын жинады.

Лиганың алғашқы маусымы үш кезеңнен тұрды: клубтық іріктеу, онлайн-чемпионат және Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен әсерлі LAN-финал. Шешуші кезеңде «Шахтёр», «Қайрат», «Ұлытау», «Ертіс», «Атырау», «Қайсар», «Астана» және «Жеңіс» клубтарының өкілдері бақ сынады. Ойындар плей-офф жүйесінде BO1 форматында, әр тайм тоғыз минуттан өтіп, қателікке жол берілмейтін тартысты жағдайда өтті.

Турнирдің шарықтау шегі гранд-финал болды. Онда Олжас Есентаев («Қайрат») пен Данияр Шарабадин («Шахтёр») кездесті.

Қарағандылық ойыншы сенімді жеңіске жетіп, чемпион атағын және Англияда мамыр айында өтетін eChampions League халықаралық турниріне жолдама алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан