3 күн бұрын
Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» бас бапкері қызметінен неге кеткенін айтты
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қостанайлық «Тобыл» командасының бас бапкері қызметінен кеткен Нұрбол Жұмасқалиев бұл шешімі жөнінде өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
– Мен «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл менің мансабымдағы өте маңызды кезең болды. Дәл осы жерде мен бапкер ретінде алғашқы трофейлерімді жеңдім, осы уақыт ішінде біз бірге даңғыл жолдан өттік. «Тобыл» — менің өмірімдегі ең басты клуб. Мұнда мен ойыншы ретінде қалыптастым, Қостанай маған өте көп нәрсе берді.
Облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Соңына дейін команданы қолдаған жанкүйерлерімізге ерекше ризашылығымды айтамын — клуб мұны шынымен бағалайды.
Бапкерлік штабқа, клуб қызметкерлеріне, командаға, мені қолдаған барша жанға рақмет.
Қазір команда жағдайды түзетіп, қиын кезеңнен шығып, турнирлік кестеде жоғары көтеріледі деп сенемін.
«Тобылға» барлық турнирде сәттілік және жаңа жеңістер тілеймін, - деді ол.
Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда дүниеге келген. Кәсіби мансабында «Нарын» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай), «Астана», «Ертіс» (Павлодар) клубтарында ойнады.
2018 жылдан бері «Тобылда» бас бапкер, Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар, ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан