7 сағат бұрын
Ермұхамед Мәулен: ҚФФ мені сотқа берді
Танымал комментатор әрі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстан футбол федерациясы тарапынан сотқа берілгенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бір подкастта айтылған пікірлері федерациядағы кейбір тұлғаларға ұнамай қалған. Соның нәтижесінде оған қарсы сот ісі қозғалған.
— «Осындай бір подкастта айтқан әңгімем ҚФФ-де жүрген кейбір адамдарға жақпай қалып, мені сотқа берген. Оған қазір бір жыл уақыт өтті. Қазір ол адам жұмыстан кетіп қалды, есімін айта алмаймын. Сол іс бойынша әлі де сотқа барып, жауап беріп жүрмін. Қазір менің айтқан сөздерімнің мағынасы тексерілуде. Соған қарамастан мен сол кездегі пікірімде қала беремін», — деді ол.
Сонымен қатар, Ермұхамед Мәулен бұған дейін Ордабасы клубымен байланысын үзгенін айтып, қазіргі таңда өзін бейтарап журналист ретінде жұмыс істеп жүргенін жеткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан