6 сағат бұрын
«Барселона» жаңа шабуылшы іздеуде
Испанияның «Барселона» клубы жазғы трансфер кезеңіне арналған шабуыл шебін күшейту жоспарын айқындады.
Мәліметке сәйкес, каталондық клубтың басты мақсаты — мадридтік «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес. Егер бұл трансфер жүзеге аспаса, «көк-анарлылар» балама нұсқаларды қарастыруға дайын.
Сондай-ақ клуб «Галатасарай» форварды Виктор Осимхенге де қызығушылық танытып отыр. Ол орталық шабуылшы позициясын күшейтудің мүмкін үміткерлерінің бірі ретінде қарастырылуда. «Барселона» Роберт Левандовскидің ұзақ мерзімді орнын басатын ойыншы іздеуде.
Бұдан бөлек, клубтың назарында «Бавария» ойыншысы Гарри Кейн мен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд та бар. Алайда олардың трансфері қаржылық тұрғыдан өте күрделі саналады.
Айта кетейік, Виктор Осимхен биылғы маусымда барлық турнирде 19 гол соққан. Алайда оның жоғары жалақысы (жылына шамамен 20 миллион еуро) трансферге кедергі болуы мүмкін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан