2 сағат бұрын
Пеп Гвардиола: сәттілік өмірде маңызды
«Манчестер Сити» командасының бас бапкері, «Бёрнлиге» қарсы матчта командаға сәттілік көмектесті деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
Англия Премьер-лигасының 34-туры аясындағы кездесу «Манчестер Ситидің» 1:0 есебімен минималды жеңісімен аяқталды.
«Өмірде сәттілік маңызды. Бірақ оны лайықты ету үшін де бірдеңе істеу керек, солай емес пе? Біз 28 соққы жасадық. Әр ойында неғұрлым көп әрекет жасасақ, жеңіске жету үшін сәттілік те соғұрлым көп болады», — деді Гвардиола.
Бұл жеңістен кейін «Манчестер Сити» 70 ұпаймен Премьер-лига турнирлік кестесінің көшін бастады. Екінші орында тұрған «Арсенал» командасында да дәл осындай ұпайы бар.
Ламин Ямаль жасыл алаңға қашан оралады?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов