7 сағат бұрын
Арсенал «Реал» қорғаушысын қатарға қоспақ
Лондондық «Арсенал» мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Арда Гүлерді трансферлеу бойынша келіссөздерді бастады.
Ағылшын клубы футболшының өкілдерімен байланысқа шығып, мүмкін мәміленің шарттарын зерделеп жатыр. 21 жастағы ойыншыға «Ливерпуль» мен «Челси» де қызығушылық танытуда.
Арда Гүлердің «Реалдағы» болашағы бас бапкерге қатысты шешімге байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан, түркиялық футболшы әзірге мадридтік клубтағы жағдайына көңілі толатыны және кетуді жоспарламайтыны айтылды.
Биылғы маусымда жартылай қорғаушы 50 матч өткізіп, 6 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ, трансфер құны шамамен 90 миллион еуро болуы мүмкін екені хабарланды. Бұдан бөлек, жазда «Реал» өзге жартылай қорғаушылар — Эдуардо Камавинга мен Орельен Тчуамени бойынша да ұсыныстарды қарастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан