22 сағат бұрын
Бірінші лига: «Жайық» алғашқы жеңілістің ащы дәмін татты
Фото: «Хан тәңірі» футбол клубы
Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі ІІІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл турдағы ойындарды Оралдың «Жайығы» сырт алаңда Алматының «Хан тәңірі» кездесуімен түйіндеді. Ойын тағдырын бірінші кезеңде соққан жалғыз гол шешті.
«Хан тәңірі» (Алматы) - «Жайық» (Орал) 1:0 (1:0)
Гол: Ілияс Әмірсейітов, 22 (1:0).
Осылайша «Жайық» алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Жеңілістен кейін «Жайық» 6 ұпаймен бесінші орынға табан тіресе, «Хан тәңірі» 5 ұпаймен жетінші орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан