3 сағат бұрын
Абат Айымбетов Румыния чемпионатында алғашқы голын соқты
Румыния Суперлигасының төменгі топтағы алтыншы турындағы сырт алаңдағы матчта «Петролул» «ФКСБ»-дан 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Петролулдың» қазақстандық шабуылшысы Абат Аймбетов ойынды қосалқы құрамда бастап, 80-минутта алаңға шықты. Кездесудің соңына таман ол румын клубы сапындағы алғашқы голын соқты.
«ФКСБ» (Бухарест, Румыния) – «Петролул» (Плоешти, Румыния) – 3:1
Голдар: Флорин Танасе 16 (пенальтиден), Октавиан Попеску 27, Дариус Олару 56 – Абат Айымбетов 90
Алтыншы турдан кейін команда турнирлік кестеде 13-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов