2 күн бұрын
ҚПЛ: «Ордабасы» турнир кестесінде көш басына шықты
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
ҚПЛ: «Ордабасы» турнир кестесінде көш басына шықты
Қазақстан Премьер-лигасында жетінші турында шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші кезеңде «Ордабасы» гол соқса, оған екінші кезеңде петропавлдық клуб бір голмен жауап қайырған еді.
Ал 79-минутта «Ордабасы» тағы бір гол соғып, жеңісті жұлып алып кетті.
«Қызылжар» (Петропавл) - «Ордабасы» (Шымкент) 1:2 (0:1)
Гол: Демият Сламбеков, 35 автогол (0:1), Этьен Бугре 53 (1:1), Эльхан Астанов 79 (1:2)
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен көш басына шықты.
Сондай-ақ бүгін «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Тағы бір кездесуде «Алтай» (Өскемен) - «Жеңіс» (Астана) 0:0 есебімен тең түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан