3 күн бұрын
ҚПЛ: «Ақтөбе» өз стадионындағы алғашқы ойында жеңіске жетті
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасында жетінші турының алғашқы ойын күнін «Ақтөбе» - «Ертіс» (Павлодар) командалары түйіндеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында ақтөбелік клуб алғашқы минуттан жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан бірінші кезеңде олар дегеніне жете алған жоқ.
Екінші кезеңде 63-минутта ақтөбелік клубтан Артур Шушеначев гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
«Ақтөбе» - «Ертіс» (Павлодар) 1:0 (0:0)
Гол: Артур Шушеначев, 63 (1:0)
Осылайша«Ақтөбе» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 10 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.
Бұл - ақтөбелік клубтың өз стадионындағы алғашқы ойындағы жеңісі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан